Қоршаған ортаның тазалығы – адам денсаулығы мен қоғамның жарқын болашағының кепілі. Таза ауа, мөлдір су, көгалданған орта – әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Сондықтан табиғатты қорғау, айналаны таза ұстау – тек арнайы мекемелердің ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі тазалық акциялары мен сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осындай игі шаралар арқылы ауыл-аймақтар тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындардың көркі артып келеді. Бұл – тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау – келер ұрпаққа деген қамқорлық.
Әр адам қоқысты арнайы орынға тастап, табиғатты ластамауға, жасыл желекті қорғауға үлес қосса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түсері анық. Тазалық – мәдениеттің белгісі. Сондықтан айналамызды таза ұстап, табиғатты аялау – әрқайсымыздың күнделікті дағдымызға айналуы тиіс.


