аза әрі жайлы қала қалыптастыру тек коммуналдық қызметтің жұмысына байланысты емес. Қоғамдық орындарды таза ұстау, ортақ аумаққа ұқыпты қарау әр тұрғынның күнделікті әдетіне айналғанда ғана нәтижесі көрінеді. Атырауда қоғамдық орынды ластаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматша Р.-ға қатысты іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Р. СМП-136 шағын ауданында үйдің алдында қоғамдық орынға түкірген. Осы әрекетімен ортақ пайдаланылатын аумақты ластаған.
Құқық бұзушылық әкімшілік хаттамамен, сауалнама хаттамасымен және бейнежазбамен дәлелденді. Сот азаматшаны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 30 275 теңге көлемінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
«Таза Қазақстан» бастамасының мәні де осындай қарапайым жауапкершіліктен көрінеді. Ауланы, көшені немесе қоғамдық орынды таза ұстау үшін үлкен іске атсалысудың қажеті жоқ. Өзінен кейін тазалық сақтау, ортақ жерге құрметпен қарау әр адамның күнделікті дағдысына айналса, бұл тұтас қаланың келбетіне әсер етеді.
Майра ЕРҒАЛИ



