Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан»: Жол бойындағы шөптер шабылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда.

Бақсай ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен Таңдай ауылына кіреберіс жолдың 9 шақырымындағы жол жиегінде өскен шөптер шабылып, аумақ ретке келтірілді.

1001823367

Жол бойындағы шөптерді шабу жұмыстары елді мекеннің сыртқы келбетін жақсартумен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені жол жиегіндегі биік шөп жүргізушілердің мүмкіндігін шектеп, көлік қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін.

Мұндай жұмыстар «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағыттарымен сабақтас.

Осы ретте ауылдық округ аумағында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса береді.

Майра ЕРҒАЛИ
Махамбет ауданы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT