Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН

 Таяуда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Миялы балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен жас суретшілер арасында «Табиғат бізге сенеді» атты сурет байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты – балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің көркемдігін өнер арқылы насихаттау. Сурет байқауында жас қылқалам шеберлері өз жұмыстарында жер-анаға қамқорлық, су көздерін қорғау, орманды аялау, қоқыстан тазарту сынды өзекті тақырыптарды бейнелеп, әр суреттен «Табиғаттың үнін естиік, болашақты бірге қорғайық» деген үндеуді айқындады.

Сонымен қатар, бұл байқау балаларға өз ойын еркін жеткізуге, экологиялық жауапкершілікті сезінуге және «Таза Қазақстан» идеясын шығармашылық арқылы қолдауға мүмкіндік берді. Барлық оқушы Алғыс хатпен марапатталды.

 Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT