«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қала аумағында тазалық, абаттандыру және дезинсекция жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қоғамдық орындар, саябақтар мен скверлердің аумағы тазартылып, көшелердегі қоқыстар шығарылуда. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, гүлзарларды ретке келтіру және қала келбетін жақсартуға бағытталған абаттандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маса, шыбын және өзге де зиянкестерге қарсы дезинсекциялық шаралар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Марат Ерланов



