Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан»: «Әділет» жастары 150 тоннадан астам қоқыс жинады

 «Әділет» партиясының жастар қанаты қолға алған «Таза Қазақстан» экологиялық road-эстафетасын қорытындыланды.

13-16 қазан аралығында белсенділер Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын басып өтіп, жол бойындағы шамамен 1 800 шақырым аумақты тазалады және 150 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл эстафета Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.

 Оның мақсаты – аумақтарды қоқыстан тазартумен қатар, табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

 #Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #Таза_Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT