Жақында осындай тақырыпта Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау және экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 11-13 жас аралығындағы балаларға арналған сурет байқауы болып өтті.
Бұл облыстық байқаудан Миялы балалар өнер мектебінің оқушысы Нұрайна Руслан ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, жетекшісі Қарашаш Тілеуғалиева да алғыс хатпен марапатталды. Қазіргі кезде экология мәселесі бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қоқыстың көбеюі, ауаның ластануы, өзен-көлдердің былғануы табиғатқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан, өскелең жас ұрпақтың санасына «Әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосуы қажет» деген ұстанымды сіңіргеніміз абзал.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА


