
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау қаласында бірлескен рейдтік-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында қаланың көшелері, қоғамдық орындары және қалаға кіреберіс жолдарда абаттандыру талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту түріндегі әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Заң талаптарына сәйкес анықталған кемшіліктерді жою үшін 7 күн мерзім берілді. Белгіленген уақыт ішінде талаптардың орындалуы уәкілетті органдардың бақылауында болады.
Қаланың тазалығы мен көркін сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Осыған байланысты «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.



