Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Исатай» кәсіпорнының жаңа техникалары жұмысқа кірісті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осы мақсатта халық игілігі үшін сатып алынған «Таза Исатай» кәсіпорнының екі арнайы техникасы жұмысқа кірісті. Жаңа техникалардың бірі Тұщықұдық ауылы мен ондағы мекемелердің тазалығын қамтамасыз етсе, екіншісі Х.Ерғалиев және Жанбай ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы жинау және тасымалдау жұмыстарын атқарады.

Арнайы техникалардың іске қосылуы елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарды дер кезінде шығаруға және тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қолға алынған мұндай игі істер қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға өз үлесін қосады. Тазалық – ортақ жауапкершілік! Туған жерімізді таза ұстап, көркейтуге бірге атсалысайық!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT