Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды және су ағатын арналары тазалап, қоқыстар шығарылды.
Жұмыстарға аудандық коммуналдық қызметтер, еріктілер және жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар халықтың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған және алдағы күндері де жалғасады.
Таза орта – әрбір азаматтың ортақ міндеті, сондықтан әрқайсымыз өз ауламыз бен көшемізді таза ұстап, табиғатты қорғауға үлес қосуымыз қажет.
Дендер Ақпарат


