Миялы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауылдың тазалығы мен көркін сақтау, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында ауыл көшелері, жол жиектері, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолдарының маңы тазартылып, өскен арам шөптер шабылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына округ әкімдігі, мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде ауыл аумағы ретке келтіріліп, санитарлық тазалық деңгейі жақсарды. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Таза ауыл – дені сау ұрпақтың, жайлы өмірдің және ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
К.ӘБІШ




