
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақат ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, жасыл аймақтарды күтіп-баптау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл игі іске мемлекеттік мекемелермен қатар аудан тұрғындары да белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Тазалық – мәдениетті қоғамның айқын көрінісі. Көшелердің, аулалардың және қоғамдық орындардың таза әрі ұқыпты болуы ауданның келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптастырады. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршаға ортақ жауапкершілік. Әрбір тұрғын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық мәдениетін сақтауға үлес қосқанда ғана ауданымыздың ажары артып, келер ұрпаққа таза әрі көрікті мекен қалдыра аламыз.
Р.Қанатов,
Мақат кенті тұрғыны



