Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАРИХИ ҚАДАМ

 Жаңа Конституциялық реформалар – еліміздің саяси келбетін түбегейлі жаңартатын, болашаққа бағытталған тарихи қадам. Бұл өзгерістердің өзегінде мемлекеттік басқаруды жүйелеу және азаматтардың құқықтарын қорғауды конституциялық деңгейге көтеру жатыр. Мәселен, жаңа Ата Заң мәтінінде Қазақстанның Халық Кеңесінің құрылуы ерекше маңызға ие.

Бұл платформа Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын заң шығару бастамасымен ұштастыра отырып, халық үнінің тікелей мемлекеттік шешімдерге айналуына жол ашады. Осы жүйелі жаңғыруды Вице-президент институтының енгізілуі толықтырып, мемлекет басшысының атынан қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етпек. Қорыта айтқанда, Ата Заңдағы бұл өзгерістер уақыт талабына сай жасалып отыр. 1995 жылы қабылданған Конституция өз деңгейінде құқықтық мемлекет болып қалыптасуымызға өз үлесін қосты. Енді соның 84 пайызы жаңарып, заманға сай жаңа баптар мен тармақтар енгізілуде. Мұның бәрі уақыт талабынан, замана сұранысынан туған дүние екендігі даусыз. Ендеше жаңа реформа елімізді жақсылыққа бастай берсін!

Саламат САНАҚ,

аудандық мансап орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT