Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Талғайран балаларын қандай бөбекжай-балабақша күтуде - арнайы репортаж

 Атырау қаласы маңындағы Талғайран ауылында 280 орындық жаңа «Жасқыран» бөбекжай-балабақшасының құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Екі қабатты ғимаратта ойын және оқу бөлмелері, жатын орындар, асхана, киім ауыстыратын бөлмелер, кір жуу орны, акт залы және лифт қарастырылған. Балабақша іші балаларға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыратын түрлі-түсті безендіру элементтерімен әрленген. Ғимарат аумағында бүлдіршіндердің қауіпсіз ойнап, демалуына арналған 13 заманауи ойын алаңы салынған.

Жаңа бөбекжай-балабақшаның ашылуы Талғайран ауылындағы мектепке дейінгі білім беру орындарына деген сұранысты азайтып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. 

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT