Атыраудағы #92 референдум учаскесіне келген тұрғындарды күтпеген тосынсый қарсы алды. Қазақ комедиясының шедеврі «Тақиялы періште» фильмінің кейіпкерлері Тайлақ пен Алтыншаш дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс берушілердің назарын аударып, көпшіліктің көңілін көтерді.
Бұдан бөлек, күндіз Жастар театрының бір топ ұжымы ұлттық киіммен Бином мектебінде орналасқан учаскеге келіп, өз таңдауларын жасады. Қатысушылар дауыс беруден шыққан кезде сүйікті кейіпкерлермен суретке түсіп, сәтті естелікке айналдырды.
Театр жастары әрқашан қоғам алдындағы міндетін орындауға дайын екенін жеткізді.


