Жаңа Конституция жобасына қоғамның басты сұраныстарының бірі – адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта құру және табиғатқа жанашырлықпен қарау сияқты іргелі қағидаты енгізілді. Бұл ретте жобаның 37-бабынын 1-тармағында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті екендігі көрсетілген.
Табиғат – ата-бабадан қалған аманат, келер ұрпаққа табысталатын қастерлі қазына. Сондықтан бұл әрқайсымыздың болашақ алдындағы жауапкершілігіміз. Сондай-ақ аталмыш баптың 2-тармағында «Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді» деп жазылған. Бұл ереже азаматтардың экологиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған. Осылайша, экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі.
Жаңбырбай ТЕЛМАНҰЛЫ,
Миялы ауылының тұрғыны


