Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Табиғатқа жанашыр ұрпақ: Атырауда жаңа «Eco Lab» ашылды

Атырауда оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Есо Lab» экологиялық бұрышы ашылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған маңызды жоба Ақжар ауылындағы &44 мектеп-гимназиясында қолға алынды. Кең ауқымды жоба шеңберінде ата-аналардың қолдауымен мектеп ауласына тал егілді. Олардың қатарында жеміс ағаштары да бар. Осылайша ұстаздар мен оқушылар табиғатқа деген жанашырлығын ерекше форматта көрсетті.

edf808e6 08e3 4bcf 85f4 42ca9b5e31ba

-Аталған жоба – білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. «EcoLab» бұрышы оқушыларға табиғатты зерттеп, экологиялық мәселелерді түсінуге, сондай-ақ күнделікті өмірде табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді,-дейді №44 мектеп-гимназиясының директоры Абай Ақмурзиев.

4c3736a5 70ab 4681 bd19 444b46e82d02

Экобұрышта көжектер, тотықұстар, балапандар, тасбақалар және аквариумдағы балықтар бар. Сондай-ақ, оқушылар арнайы жылыжай ұйымдастырып, қызанақ пен қиярды баптап өсіріп отыр. Экобұрыштың ашылу салтанатында оқушылар суды үнемдеу, үй жағдайында жанартау жасау жолдарынан зертханалық жұмыстар көрсетті. Ал жаңа экобұрыштың лентасын облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Гүлайым Телеубаева қиды.

img 6321

Шараға қатысушылар мен қонақтар жобаның ауқымы кеңейіп, үлкен бастамалардың бастауы болатынына сенім білдіретінін жеткізді.

Айбөпе САБЫРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT