Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Осы орайда бұл акция ел халқының экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау көзқарасын нығайта түсетіні анық.
Өйткені ауылымызда әр апта сайын ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге барлық мекеме қызметкерімен бірге жастар, ауыл тұрғындары да қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізуде. Тазалық болған жерде құт пен ырыс бар. «Ауылына қарап азаматын таны» демекші, ел туралы пікір оның ауыл-аймағына қарай айтылады. Айналамыз таза, көрікті болса, біз туралы айтылар ой да жақсы болмақ.
Сондықтан өңірімізді таза ұстайық, ластамайық, өскелең ұрпаққа үлгі болайық.
Ықылас ЕЛЕМЕС,
Мұқыр ауылының тұрғыны


