Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінде, ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде және ҚР Қорғаныс министрлігінің 41433 әскери бөлімінде Батыс аймағының әскери прокуроры Қ.Ж.Рахматулин мен прокуратура органдарының ардагерлері А.К.Бахриденов және Е.Ж. Биляловтың мерзімді әскери қызметшілермен кездесуі өтті.
Іс-шара «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын ілгерілетуге, жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға және жастар арасында патриотизмді қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында әскери прокурор әскери қызмет саласындағы заңнама талаптарын түсіндіріп, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ардагерлер өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, әскери борышты адал атқарудың, тәртіпті сақтаудың, Әскери антқа адал болудың және әрбір әскери қызметшінің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Ашық диалог форматында әскери қызметшілер қызмет өткеру, әлеуметтік кепілдіктер мен құқықтық қорғауға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара қорытындысы бойынша қызметте оң нәтижелерге қол жеткізген жекелеген әскери қызметшілер Бас әскери прокурордың алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан Ішкі әскерлердің 17 әскери қызметшісіне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, олардың ерлігіне тағзым етті. Кездесу соңында қатысушылар әскери қызмет өткеру жағдайларымен танысып, әскери тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады, содан кейін естелік суретке түсті.


