Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Салауатты болашаққа қадам: Атырауда 150-ге жуық жасөспірім спорттық шараға қатысты

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Dosboxing» академиясы және Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес төрағасының екінші орынбасары, блогер Андрей Котовтың қатысуымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен бокстан ашық жаттығу өткізілді. Кәсіби жаттықтырушылар қатысушыларға бокстың негізгі әдіс-тәсілдерін үйретіп, практикалық жаттығулар өткізді. 

 Үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

 Жаттығуға 150-ге жуық жасөспірім қатысып, спорттық белсенділік танытты. Кездесу барысында есірткінің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды. 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT