Елімізде кеңінен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоршаған ортаны сақтау мен табиғатқа деген жанашырлықты арттыруды көздейді.
Бұл бастама тек көшелерді қоқыстан тазарту емес, қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда, әрбір азаматтың өз ауласы мен қала тазалығына жауапкершілікпен қарауы маңызды. Заңсыз қоқыс орындарын болдырмау және қоршаған ортаны күтіп ұстау — баршамызға ортақ міндет. Таза әрі жайлы ортада өмір сүру өз қолымызда. Туған жеріміздің көркі мен тазалығы әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден бастау алады.
П.Түрікменбай




