Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«ӘР ПОЛИЦЕЙ – ӨЗ АУДАНЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛУЫ ТИІС»: ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

 

«Әрбір полиция қызметкері – өз ауданының спорттық-мәдени іс-шараларының ұйымдастырушысы, «Таза Қазақстан» секілді Мемлекет басшысы бастамаларын қолдаушы, оны тұрғындарға түсіндіруші әрі профилактикалық жұмыстарды үйлестіруші болуы тиіс. Сонда ғана елімізде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берілмейді».

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты.

Министрдің орынбасары рухани астана – Түркістан қаласында Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының ішкі істер органдары алдына қойған міндеттері мен министрліктің негізгі талаптары жеткізілді.

Басты назар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге аударылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT