«Банк шоттарын толық бақылаудан» бастап «саяси партияларды қолдағаны үшін ақшалай төлемдерге» дейін — шілде айында ақпараттық кеңістікте ондаған шулы хабарлама тарады. Олардың көбі манипуляцияларға, мән-мәтіннен бөліп алынған деректерге және ашықтан-ашық фейктерге негізделген еді.
Дезинформацияға қарсы күрес орталығының жаңа шолуында шілде айындағы ең көп талқыланған кейстер жинақталған. Онда мемлекеттік органдардың ресми түсініктемелері мен дезинформация авторлары қолданған тәсілдерге талдау ұсынылған.



