Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ОРТАҚ ІСКЕ АТСАЛЫСАЙЫҚ!

 Ауылымызда тазалық пен тәртіпті сақтау бағытында игі істер жалғасуда. Соның бір жарқын үлгісі – Боран Нысанбаев көшесінің тұрғындары ұйымдастырған сенбілік жұмыстары. Аталған көше тұрғындары бір кісідей жұмылып, өз аулалары мен көше бойын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.

Сенбілік барысында жол жиектері тазаланып, шөптер шабылып, қураған бұталар жиналды. Бұл бастама тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігін айқын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек тазалық үшін ғана емес, көршілік қарым-қатынасты нығайтуға да үлкен әсер етеді. Бірлескен еңбек адамдарды жақындастырып, ортақ іске деген ынтаны арттырады. Игі істі жалғастыру мақсатында Боран Нысанбаев көшесінің тұрғындары ауылымыздағы өзге көшелерге челлендж жолдады. Олар барша тұрғынды тазалық акциясына белсене қатысып, өз көшелерін үлгілі деңгейге жеткізуге шақырады. Тазалық – әр адамның мәдениетінің айнасы. Сондықтан туған жеріміздің көркеюі әрқайсымыздың қолымызда екенін ұмытпайық!

Ақмарал ҚҰСАНОВА,

 Б.Нысанбаев көшесінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT