Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Облыстық кітапханада «Кітап менің өмірімде» атты ойталқы ұйымдастырылады

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеби шығармалар туралы ойталқы өтеді. Іс-шарада қатысушылар өздері таңдаған кітаптары туралы пікір алмасып, туындының тұлғалық дамудағы рөлі жөнінде ой бөліседі, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кітапхана бұдан бөлек, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында бірнеше жобаны тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, «Birgemiz», «Кітапханадағы кешкі кездесу», «Мобильді кітапхана» жобалары және «Оқырман қыздар» клубы жұмыс істейді. Құрамында 50-ге жуық мүшесі бар клуб қатысушылары соңғы екі жылда 20-дан астам кітапты оқып, талқылаған. «Birgemiz» жобасы әлеуметтік осал топ өкілдерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ал «Мобильді кітапхана» жобасы кітапхана мен театр арасындағы байланысты нығайтып, көрерменді спектакль қойылымына дейін автор және оның шығармасымен тереңірек таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқырмандар кітапхананың ресми сайтындағы «Кітапхана - цифрлық форматта» бөлімі арқылы 354 өлкетану әдебиеті мен 117 сирек кітаптың электронды нұсқасын пайдалана алады. Бұдан бөлек, балалар мен жастардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы акциялар өткізу жоспарланған.

 – Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты кітап оқу акциясы өткізіледі. Сонымен қатар келесі жылы оқырмандар арасында «Оқып жарыс» атты кітап оқу байқауын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Байқау қорытындысы бойынша үздік оқырмандар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Дәулетқалиева Мейрамгүл.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT