Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Облыс әкімі: «Тұрғындардың уәжіне уақытында құлақ асуымыз керек»

Өткен аптада облыс әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыруға арналған жиында елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру мәселелері қаралды. Жиында өңір басшысы тұрғындардың тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуы мен аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты шағымдары орынды екенін атап өтті. – Тұрғындардың уәжіне уақытында құлақ асып, бірден іске кірісуіміз керек. Кемшіліктер бір апта ішінде жойылуы тиіс. Бұл тапсырмалардың орындалысы аппараттың апталық отырысы сайын қаралады, — деді облыс әкімі. Болат Оралұлы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмысын жүйелі жүргізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің тұрақты бақылауында ұстауды тапсырды. Майра ЕРҒАЛИ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT