Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Өнер мен білім тоғысқан жеңіс

Талдықорған төрінде өткен тағылымды додада атыраулық жас дарын топ жарып, өңір мерейін үстем етті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бұйрығына сәйкес жуырда «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы өтті.

Ұлт руханиятын ұлықтап, жас буынның әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат еткен байқауда Атырау қаласындағы №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының  X  сынып оқушысы  Аят Сабырғали жоғары шеберлік танытып, І дәрежелі диплом иегері атанды. Бұл – талапты шәкірттің ғана емес, ұстаз бен мектеп ұжымының тынымсыз еңбегінің жемісі.

whatsapp image 2026 05 19 at 15.45.29

Қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттауға арналған байқау жыл сайын талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, көркем сөз өнеріне баулып келеді. Осындай республикалық деңгейдегі беделді додада топ жару   үлкен дайындық пен табандылықтың нәтижесі екені даусыз.

Сахнада өзін еркін ұстап, көркем сөзді мәнеріне келтіре орындаған Аят қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Оның өнердегі өрісін кеңейтіп, байқауға тыңғылықты дайындаған аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзар Досанованың еңбегі ерекше. Осылайша, ұстаздың кәсіби шеберлігі, шәкірт бойындағы талантты тани білуі мен жүйелі дайындығы жеңіске бастар жолдың айқын көрінісіне айналды.

Мәлике МӘЛІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT