Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІК

 Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, сондай-ақ жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және өзге де заңды негiз бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға кепiлдiк берiледi. Бұл – жаң Конституция жобасының 31-бабының 1-тармағында бекітілген негізгі әлеуметтік кепілдік.

Мемлекет әрбір азаматқа еңбек үшін ең төменгі жалақы және жасына, науқастануына, мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін заңмен кепілдендіріп отыр. Бұл кепілдік әлеуметтік қорғаудың негізі болып табылады. Ал аталмыш баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де үлгілерін және қайырымдылық жасау мемлекет тарапынан қолдау табатындығы көрсетілген. Бұл норма азаматтардың әлеуметтік тәуекелдерді азайтуына, ынтымақтастық пен ұжымдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Сайып келгенде бұл шаралар әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Бағыт РЫСҚҰЛОВА,

әлеуметтік сала ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT