Атырау облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайысқа 6 мектептің оқушылары қатысып, жол қозғалысы ережелері, құқықтық сауаттылық және логикалық ойлау бағыттары бойынша бақ сынады. Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде:
I орын – №43 мектептің «Тәртіп сақшылары» командасы
II орын – «Жас толқын» командасы
III орын – «Бағдаршам жұлдыздары» командасы
Жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мақсат – жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.


