Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Музыка әуенімен жүргізілген профилактика: Атыраудағы ретродискотекада антинаркотикалық акция өтті

Музыка әуенімен жүргізілген профилактика: Атыраудағы ретродискотекада антинаркотикалық акция өтті

Өткен сенбіде Ретро-саябақтағы ретродискотекада әдеттегі музыка мен билердің қатарын есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция толықтырды.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айбол Идрисов, «Довира» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицына және бірлестік жастары демалушыларға ақпараттық материалдар таратты.

Келушілерге тыйым салынған заттарды қолданудың салдары және оларды таратуға қатысқаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Интернетте есірткі қылмыстарына қатысты «оңай жолмен ақша табу» туралы ұсыныстарға тап болуы мүмкін жастарға ерекше назар аударылды.

Профилактикалық акциямен барлығы 200-ден астам адам қамтылды.

 

@pricom.kz

Видео: Георгий Шапошников

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT