Бүгін аумақтық «Әділетті және прогрессивті халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Альберт Аққайнанов пен Болатбек Меңдіғалиев Ғ.Сланов атындағы орта мектеп қызметкерлерімен кездесті.
Коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасындағы әр баптың маңызын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, ұстаздарға білім мен ғылым, инновация саласына қатысты нормалардың қарастырылғанын айтып, сұрақ-жауап форматында мазмұнды пікір алмасты. Мұндай кездесулер Жаңа Конституцияның мәні мен маңызын кеңінен түсіндіруге және қоғаммен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.



