Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Меккеге бет алған велосаяхатшылар атыраулық полицейлерге алғыс айтты

 8 шілде күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында қасиетті Мекке қаласына велосипедпен сапар шегіп бара жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматына көмек көрсетті.

Жол үстінде шетел азаматтары уақытша аялдап, орналасатын орын табуға жәрдем сұраған. Полиция қызметкерлері олардың өтінішіне жедел ден қойып, қонақүйге орналасуына ықпал етіп, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, жол жүру бағыты бойынша қажетті ақпарат беріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шетел азаматтары көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, Қазақстан халқының қонақжайлығы мен ізгі ниетіне ризашылықтарын жеткізді. Азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT