Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МӘДЕНИЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

 «Таза Қазақстан» бастамасы – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды әрі уақытылы қолға алынған жоба. Тазалық – тек көше сыпыру немесе қоқыс жинау ғана емес, ол – мәдениет пен жауапкершіліктің көрінісі.

Ауылымызда осы акция аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, жастар мен тұрғындар белсенді атсалысып келеді. Әсіресе, туған жердің тазалығына бейжай қарамайтын азаматтардың көбейгені қуантады. Біз табиғатты таза ұстасақ, келер ұрпаққа көркем де жайлы орта қалдырамыз. Сондықтан әр тұрғын өз ауласына, өз көшесіне жауапкершілікпен қарауы керек деп ойлаймын.

«Таза Қазақстан» – бір күндік шара емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Ауылымыздың ажары мен тазалығы – бәрімізге ортақ міндет. 

Аманжан РАҚЫМЖАН,

белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT