Қызылқоға ауданы аумағында 6–10 сәуір аралығында республикалық «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты – мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесу. Іс-шара барысында:
* мал жаю қағидаларын сақтау, жануарларды сәйкестендіру және GPS-бақылау құралдарын пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі; * ауылдық округтерде қаңғыбас малға арналған қоралар құру және оларды қаржыландыру мәселелері қарастырылады; * ветеринариялық қызметтермен бірлесіп, аулаларды аралау арқылы тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, мал жаю қағидаларын бұзған және жануарларды міндетті сәйкестендіру талаптарын орындамаған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 және 408-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі


