22 мамыр күні Мақат ауданында “Eco Steppe Fest Makat” аясында рекордтық экологиялық сенбілік акциясы өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы біз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақберген Сәлімовтен білдік.
"Бұл – жай ғана сенбілік емес, 2000 тұрғынның бір мезетте 21 шақырым аумақты қоқыстан тазартып, әлемдік рекорд орнатуға бағытталған ауқымды экологиялық бастама. Туған жеріміздің тазалығы үшін бірлесе еңбек етіп, табиғатты қорғау жолында тарихи сәттің куәсі болайық! Бірлікпен – тазалыққа, тазалықпен – рекордқа!" дейді ол.
Таратып айтқанда, Global Best of Records — әлем бойынша ерекше жетістіктерді, рекордтарды тіркейтін Азияда орналасқан халықаралық рекордтар платформасы. Бұл жоба түрлі саладағы адамдардың, ұйымдардың және елдердің жетістіктерін ресми түрде тіркеп, сертификат берумен айналысады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ


