Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ұлы жеңіс күніне орай бұқаралық 10 шақырымдық жүгіру ұйымдастырылды

Атырауда Ұлы жеңіс күніне орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасы және 41433,41321 әскери бөлім әскерилері 10 шақырымдық жаппай жүгіруді еңсерді.

Атырауда Ұлы жеңіс күніне орай бұқаралық 10 шақырымдық жүгіру ұйымдастырылды. Бұл спорттық-патриоттық іс-шараға 500-ден астам әскери қызметші қатысып, жоғары бірлік пен жауынгерлік рухты айқын көрсетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамның дене дайындығын нығайту, әскери рухты көтеру және бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты арттыру болды. Қатысушылар әскери жағалаудан старт алып, белгіленген 10 шақырымдық қашықтықты толықтай еңсерді.

 Ұлы жеңіске - мәңгілік тағзым!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT