Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Өйткені отбасы қоғамның негізі.
Берік әрі тату отбасы еліміздің тірегі. Осыған байланысты IIМ Әкімшілік полиция комитетінің Threads платформасындағы ресми парақшасында ағымдағы жылдың 11-13 тамыз аралығында үш күндік онлайн-акция өтеді. Акция барысында отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында ақпараттар жарияланады. Баршаңызды онлайн-акцияға белсенді қатысуға шақырамыз! Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі



