Қызылқоға ауданы бойынша 18 сәуір күні сағат 9:30-де «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді.
Аталған шараның мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру. Әр тұрғын өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қарап, өз ауласын, көше маңын тазалауға шақырылады. Тазалықты әркім өз үйінің маңынан бастаса, ауданымыз да таза әрі көрікті болады. Барша аудан тұрғындарын сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Бірге таза аудан құрайық! 🌿


