Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.
«Қыстақ» іс-шарасы: қыстақтар мен шаруа қожалықтары тексерілді
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындармен тығыз байланыс орнату мақсатында Атырау облысының аумағында «Қыстақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында шаралар қабылдауда.
Құрметті тұрғындар!
Заң талаптарын сақтаңыз; Қоғамдық тәртіпті бұзбаңыз; Өз қауіпсіздігіңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз.
Қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз немесе заңсыз әрекеттерді байқасаңыз, дереу 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.