Индербор кентінде барлығы 110 көше бар. Қазіргі уақытта оның 84-і толық жарықтандырылған. «Агрострой Индер» ЖШС түнгі уақытта көше жарығы жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Көшелердегі, саябақтардағы, скверлердегі, аллеялардағы, орталық көпірдегі және көпқабатты үйлер аулаларындағы жарықтандыру нысандарының мерзімінен бұрын тозуына жол бермеу бағытында жұмыстар атқарылуда.
Мекеме көше жарығын қосу және өшіру режиміне күнделікті бақылау жүргізеді. Істен шыққан шамдарды ауыстыру, тіректер мен плафондарды тазалау, құлаған тіректерді қалпына келтіру немесе жаңасына ауыстыру, үзілген кабельдерді жөндеу және қысқа тұйықталуларды жою жұмыстарын атқарады.
Биыл Индербор кентіндегі 26 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған. Олардың қатарында Ә.Марғұлан, Қ.Бектұрғанов, Асанқайғы, С.Нұрқасынов, Достық, Тұмарлы, Ойыл, Т.Ізтаев, Арна, Жайық, Жерұйық, Шапағат, Шалқыма, М.Қарасаев, Жиделі, Мұрат Мөңкеұлы, Нарын, Қ.Қаражанов, М.Горький, Т.Әубәкіров, Ш.Иманғазиев, Қ.Сәтбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Талды, Б.Қабиев және Қазақстан көшелері бар. Бұл жұмыстарға бюджеттен 139 421,0 мың теңге қаржы бөлінген.
Дендер Ақпарат



