
Аудан көшелерінің тазалығы күнделікті назарда. Тазалық жұмыстарына жауапты қызметкерлер көшелер мен қоғамдық орындарды тұрақты түрде тазалап, жиналған қоқыстарды шығарып отырады.
Көше бойындағы тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және санитарлық жағдайды қалыпты ұстау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауданның көркі мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Дендер Ақпарат



