Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құрманғазыда мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Абай атындағы жалпы орта мектебінде Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Дидар Сарсембиевтің қатысуымен оқушылармен кездесу өтті.

 Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, буллинг пен интернеттегі қауіптерден сақтану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Сонымен қатар полиция қызметіне қызығушылық танытқан жастарға полиция қатарына қызметке орналасу мүмкіндіктері мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.

 Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметі туралы пайдалы ақпарат алды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT