Құрманғазы ауданында табиғат пен мәдениетті ұштастырған Lotus Fest фестивалі өтіп жатыр. Ауқымды шара лотос алқабының табиғи сұлулығын насихаттап, өңірдің туристік әлеуетін таныстыруға бағытталған.
Фестиваль аясында спорттық, мәдени және ойын-сауық бағытындағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Шараның алғашқы күнінде Lotus RUN марафоны өтіп, оған 100-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар қатарында түрлі жастағы тұрғындар бар. Ең жас қатысушы - 13 жаста болса, ең үлкені - 80 жастан асқан ардагер. Марафонға қатысушылардың барлығына арнайы медальдар табысталды.
“Фестивальге жиі қатысып тұрамын. Балаларым мен немерелерім де осындай шараларға белсенді қатысады. Бүгінгі фестиваль аясында жастармен бірге жүгіруге арнайы келдім. Жүгіру - денсаулыққа пайдалы, сондықтан үнемі қозғалыста болуға тырысамын”, - деді марафонға қатысқан ардагер Мадат Сәрсекеев.
Фестиваль бағдарламасында туристік сайыстар, қайықпен серуендеу, сауда және қолөнер жәрмеңкелері, концерттік бағдарламалар мен түрлі мәдени шаралар қамтылған.
Сонымен қатар қонақтар Құрманғазыдағы ерекше табиғи нысан - лотос алқабын тамашалап, су үстінде серуендеп, табиғат аясында уақыт өткізуге мүмкіндік



