Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚҰРМАНҒАЗЫДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ QUIZ-САЙЫС ӨТТІ

Құрманғазы ауданында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлескен жоспарға сәйкес жастар арасында есірткіге қарсы бағытталған танымдық QUIZ-сайысы өткізілді. Іс-шараға 10 команда қатысып, олардың қатарында мәдениет және кітапхана қызметкерлері, жұмыссыз азаматтар, полиция қызметкерлері және профилактикалық есепте тұрған тұлғалар болды.

Танымдық сайыс профилактикалық есепте тұрған азаматтар арасында есірткінің зияны туралы түсінікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, түрлі сұрақтарға жауап берді.

 Сайыс қорытындысы бойынша І орын «Нерион KZ» командасына, ІІ орын Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған «Сақшылар» командасына, ал ІІІ орын «Мәдениет жастары» командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT