«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан орталығындағы Тәуелсіздік саябағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Шараға округ аумағындағы онға жуық мекеме қызметкерлері белсене қатысты.
Сенбілік барысында ағаштардың бұтақтары кесіліп, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, басқа мекеме қызметкерлері Құрылысшылар елді мекенінің солтүстік бөлігіндегі жағалау бойын қоқыстан тазартты.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.


