Құрманғазы аудандық орталық кітапханасының ұжымы кезекті сенбілік жұмыстарына белсене қатысты. Сенбілік барысында кітапхана ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, арам шөптер жұлынып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, кітапхана ғимаратының ішінде де тазалық жұмыстары атқарылды. Оқу залдары мен қызметтік бөлмелер мұқият тазаланып, кітап сөрелері, жиһаздар және терезелердің шаңы сүртіліп, жұмыс орындары ретке келтірілді. Таза әрі жайлы кітапхана ортасын қалыптастыру мақсатында барлық бөлімдерде санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлінді. Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар ұжымның ұйымшылдығы мен жауапкершілігін айқындай отырып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.



