Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты сақтау — әр азаматтың жауапкершілігі. 490-бап Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға байланысты жауапкершілікті қарастырады. Бұл діни материалдарды тарату, діни рәсімдер өткізу және миссионерлік қызметке қатысты заң талаптарын сақтаудың маңызын қамтиды.
Студенттер мен жастарға ескерту:
Әлеуметтік желіден көрген немесе біреуден естіген діни ақпаратты тексермей таратуға асықпаңыз. Кез келген діни мазмұндағы ақпаратты бөліспес бұрын оның сенімділігіне және заңға сәйкестігіне назар аудару маңызды.
Есте сақтаңыз:
Белгісіз діни топтар мен күмәнді ақпараттардан сақ болыңыз
Сенімді әрі ресми ақпарат көздеріне жүгініңіз
Әр әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі бар екенін ұмытпаңыз
Саналы таңдау жасап, қоғамдағы татулық пен заң талаптарын бірге сақтайық!



