Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОРЫТЫНДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

 "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.

Қорытындыны алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Объектінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

 Ақтолқын БИЖАНОВА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026