Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығында “Таза Қазақстан” акциясы аясында Х.Санбаев атындағы орта мектептің 1 “Б” сынып оқушылары белсенділік танытып, өз үлестерін қосты.
Сынып жетекшісі Нұргүл Каржауова шәкірттерімен бірге “Қоқыс тапсырып, сыйлық ал” акциясына қатысып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттауға атсалысты.
Акция барысында оқушылар пластик бөтелкелер мен қағаз қалдықтарын жинап, арнайы қоқыс жәшіктеріне тапсырып, тазалыққа деген жауапкершіліктерін көрсетті.
Белсенділік танытқан оқушылар марапат ретінде балмұздаққа ие болды.
Сонымен қатар, акция соңында оқушыларға лэд экраннан мультфильм көрсетіліп, шара қызықты әрі тәрбиелік мәнде жалғасын тапты.
Мұндай игі шаралар арқылы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беріліп, табиғатты аялау, тазалықты сақтау дағдылары қалыптастырады.
МТ


