Талдықорған қаласында түнгі сағат 00:00 шамасында 14 жастағы қыз ашық жатқан, шамамен 10 метрлік құдыққа құлап кетті.
Оқиға орнына бірден патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, «Беркут-163» және «Беркут-164» экипаждары жетіп, қызды арқанның көмегімен аман-есен шығарып алды. Зардап шеккен қыз дәрігерлерге тапсырылды. Кейін қауіпті құдықты жабу бойынша тиісті шаралар қабылданып, ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



